Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ол Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) Park Theater ойын-сауық кешенінде өткен бокс кешіне қатысып, онда американдық Роб Брантке (23-1, 16 КО) қарсы айқасты.

Жекпе-жек төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіс Брантқа берілді. Осылайша, Роб Муратаның WBA тұжырымдамасы бойынша чемпиондық белдігін алып, мансабындағы 24-ші жеңіске қол жеткізді. Ал Мурата өз мансабында екінші рет жеңіліп, атағынан айырылды. Бұл жекпе-жекте жапондық спортшы жеңіске басты үміткер болғанын атап өту керек.

Еске сала кетейік, Риота Мурата қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) келесі қарсыласы болуы әбден мүмкін екендігі туралы бұған дейін де жазған болатынбыз.

pavlodarnews.kz

Тэги: