Дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінің 10-сынып оқушысы Темірлан Байғожин әмбебап экоагророботы жайлы айтып өтті.

- Робот астықты жинауға, себуге және кептіруге арналған, - деді Темірлан Байғожин. – Менің идеям – толық агроөндірістік кешен. Ол экологиялық таза бағытта, «Стирлинг» қозғалтқышының күшімен жұмыс жасайды. Ішкі және сыртқы ауаны тұрақтандырып отыруға мүмкіндігі бар.



Кешеннің үлгісін оқушы «Lego» құрастырушының көмегімен жасап шығарған. Жоба ауылдық елді-мекеннің тұрғындары мен фермерлерге жұмыстарын жеңілдетуге арналған. Аталмыш кешен жұмыс күші мен қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді.

Роботтың таныстырылымынан кейін Тимур Сүлейменов облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұлан Жазылбекке оқушыға грант берудің жолын қарастыруды ұсынды.



Көрмеде министр роботтан басқа, қазіргі кезде «Шығыс» кен орынында пайдаланылып жатқан «идея фабрикасымен» танысты.

Эльдар Даутовтың айтуынша, «Фабрика» жобасы жұмысшылардың ұсынысымен танысу үдерісін қысқартып, қызметкерлерден келетін идеялардың саны артқан. Олардың 47 пайызы жүзеге асырылып жатса, 8 пайызы қарастырылуда.

Сонымен қатар, оқушыларға арналған сайт, «BIG-dream» дайындық орталығы, қуырылған балмұздақ өндірісі сияқты өзге де жобалар министрдің назарына ұсынылды.

Дулат Райымбек
Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: Екібастұз, Ұлттық экономика министрі, бизнес жобалар