Бұл хақында Baq.kz тілшісі хабарлайды.

Қайрат Нұртастан бөлек әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдина, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Әлімжанов, әнші, кәсіпқой боксшы Ибрагим Ескендір еліміздің ең алғашқы денсаулық елшілері атанды.

«Бассейнге түсемін. Ол адамның өмірін сақтайды, ұзақ өмір сүруге ықпал етеді. Бізді бір қинайтыны ол – ұшақпен көп ұшамыз. Сондықтан кішкене денсаулыққа зияны бар. Бір айдың ішінде 34 рет ұштым, барлығы – 68 сағат. Соның бәрін кетіретін – су, бір жағынан халықтың қошеметі мен ықыласы көмектеседі. Қолың бос болғанда, спортпен айналысқан жақсы. Айналысқым келеді. Осыдан кейін бастаймыз», - деді әнші.

Елжан Біртанов денсаулық елшілеріне төс белгілерін, сертификаттарын тапсырды. Сәттілік тілеп, қазақстандықтарды салауатты өмір салтына тартуға атсалысатындарына сенім білдірді.

«Елжан Амантайұлына осындай бастамасына көптен-көп рақмет. Бізді шақырып өнер адамдарына қолдау білдіргені үшін де алғыс айтамын. Билік пен халықтың арасындағы алтын көпір болуға әрқашан да дайынбыз», - деп сөзін түйіндеді ол.

pavlodarnews.kz

Тэги: