Кездесуге қатысушылар Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жүктеген тапсырмаларын талқылады. Басты тақырыптардың бірі полицейлердің тұрмыс жағдайы болды.

Облыстық ІІД кадрлық жұмыс басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Ренат Шайықовтың айтуынша, алдағы уақытта жергілікті полиция қызметіндегілердің 15 пайызын баспанамен қамтиды.

- Облыс әкімдігінің қолдауымен жол-патрульдік полициясы батальоны аумағының маңында 255 пәтерден тұратын көпқабатты тұрғын үй кешені салынуда, - деді Ренат Шайықов. – 524 қызметкер баспанаға мұқтаж, 218-і ипотекалық баспана алып үлгерген.

Мәжіліс депутаты Артур Платонов «7-20-25» бағдарламасы арқылы өтініш беру бойынша Павлодар облысы соңғы орындарда екенін айтты. Полицейлер бұл көрсеткіш арқылы қызметкерлерде баспанамен соншалық қиындықтары жоқ екенін білуге болатындығына сенімді.

ҚР Парламенті мәжілісі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жанат Омарбековтің айтуынша, депутаттармен кездесу кезінде ауылдық елді мекендердің тұрғындары учаскелік полицияның жетпейтіндігіне шағымданады.

ІІД өкілдері бұл мәселені штатты кеңейтумен шешуге болатындығын айтты.

- Учаскелік полицияның саны тұрғындардың санына байланысты. 2800 адамға бір инспектор қарастырылған, - деді облыстық ІІД ЖПҚ-ның басшысы Жасқайрат Қайыров.

Халық қалаулылары Президенттің тапсырмаларын орындау барысына қызығушылық танытты.

- Қылмыс жасалғандығы жөнінде хабарлама түскен кезде «102» операторы жария жасап, дабыл жауаптыға түседі. Хабарланғандығын бәрі естиді. Кезекші бұл уақытта жақын жердегі экипажды іздейді. Сондай-ақ жақын арадағы бейнебақылауды бағыттайды. Сондықтан әңгіме жүріп жатқанда оқиға орынында не болып жатқандығын бақылап отыруға болады, - деді ІІД цифрландыру нәтижелері жөнінде.

Кездесу соңында шешімін табу керек мәселелер жазылып алынды. Енді ІІД бұл мәселелерді ҚР Парламентінің мәжілісіне жібереді.

Дулат Райымбек
Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам