Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Қазіргі таңда аталмыш елдердің Үкімет басшылары бұл ұсынысты мақұлдап отыр. Балқан түбегіндегі төрт мемлекет осылайша бірлесіп әлем біріншілігін өткізуге ниет танытты.

Айта кетелік, аталмыш әлем біріншілігі мерейтойлық шара болады. Естеріңізге сала кетсек, алғашқы доп додасы 1930 жылы Уругвайда өтті. Содан бері дүниежүзілік бәсеке 21 мәрте жалауын көтеріп үлгерді.

Қазіргі күнге дейін әлемнің 17 мемлекеті әлем біріншілігін өздерінде қабылдады. Олардың арасында Мексика, Италия, Франция, Германия мен Бразилия мундиальды өздерінде екі мәрте ұйымдастырды. 2002 жылы біріншілік тарихында тұңғыш рет әлем біріншілігі екі мемлекетте - Жапония мен Оңтүстік Кореяда болып өтті.

Қазіргі таңда 2030 жылғы әлем біріншілігін өткізуден бірнеше мемлекет үміткер болып отыр. Олардың барлығы дерлік доп додасын бірлескен түрде өткізуге ниет жасап отыр. Атап айтқанда, Оңтүстік Америкадан - Аргентина, Уругвай, Парагвай бірігіп өткізуге ниет білдірсе, Африкадан - Тунис, Алжир, Марокко, Азиядан - Оңтүстік Корея, Солтүстік Корея, Жапония мен Қытай мемлекеттері осындай ойда отыр.

Естеріңізге сала кетелік, дүбірлі додада 2022 жылы Катарда болса, 2026 жылы АҚШ, одан әрі Канада, Мексикада жалауын көтеретін болады. Айта кетерлігі, 2026 жылы тұңғыш рет әлем біріншілігі финалдық кезеңінде 48 құрама сынға түседі.

pavlodarnews.kz

Тэги: