Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасында бизнесмендермен кездесуінде белігілі болды.

Кезекті жиында Болат Бақауов кәсіпкерлерге өздері шеше алмайтын мәселелерді қарастыруды ұсынды. Белгілі болғандай, бизнесмендердің көбін жер телімдерін беру мәселесі толғандырады. Олардың ойынша, көбінесе осы үрдіс өте салақ қаралады.

- Біз базамыз бен сәйкес жобамыз бар Радиозавод шағын ауданында 500 шаршы метрлік спорт зал салуды жоспарладық, - деді «Техстройкомплекс» ЖШС директоры Лейла Юсупова. – Бізге тиіп тұрған үш телімнің біреуі ғана бос болып шықты. Дәл сол жерде біз құрылысты бастамақ болып, телімді аукцион арқылы сатып алу үшін ақпан айында өтініш бердік.

Кәсіпкердің айтуынша, алдымен оларға телімде бірнеше балапан қарағай мен қарағаш бар екенін айтып, өтініштерін қабылдамаған. Сол кезде өтініш беруші әкімдікке хат жолдап, балапан қарағайларға қол тигізбей және қарағаштарды бес еселік мөлшерде қайтарып беруге уәде берген. Алайда, мәселенің шешілмей жатқанына 9 ай болған.

- Кәсіпкер өзі спорттық нысан салғысы, 40-50 миллион теңге жұмсағысы келеді, ал оған көмек берілмейді, - деп шағымданды облыс әкімі. – Бізде алдымен өтінішті қабылдайды, жақын арада жауап беруге уәде береді, ал, жауап берген кезде жоғалып кетеді. Өтініш беруші өтінішін іздеуді бастайды, қайтадан келеді, ол жерде барлығы екінші рет қайталанады. Соңында кезекші жауап: «телімде жас көшеттер бар», «бұл жерде коммуникация тартылуда», «аралас телім бөгет жасауда» деген сияқтыларды алады. Одан кейін кәсіпкер Астанаға шағым түсіреді. Ол бар болғаны Павлодарда спорт зал салғысы келіп тұрса да. Бұндай бизнесмендерді алақанда ұстап, әрқайсымен жеке жұмыс жасау керек!

Тағы бір кәсіпкер Павлодар қаласының маңында жол бойғы қызмет көрсету нысаны құрылысын салу үшін жер телімін ала алмай жүргенін айтып шағымданды. Кафе мен шағын қонақ үй құрылысына ондаған миллион теңге салғысы келетін бизнесмендер жұмыстарын қазір бастауға дайын. Алайда, жер телімін сату бойынша өткізілетін аукционды күтуге мәжбүр. Оған қоса, саудада нақты өздері ұтып алатынына кепілдік жоқ.

- Бұндай сұрақтардың әрқайсын біз қатаң бақылауға алып, 15 күннен кейін кездескенде атқарылған жұмыстың нәтижесі қандай болғанын көреміз, - деді облыс әкімі. – Қазіргі уақытта Павлодарда қаланың әкімшілік қызметінің барлығы дерлік орналасқан Кривенко 25 мекенжайындағы ғимратта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Менің ойымша, ол ғимараттың бірінші қабатында кәсіпкерлер өздерінің барлық мәселелерін бір орында шешіп алуы үшін «ашық әкімдік» жұмыс жасауы тиіс.

«Атамекенге» «Павлодар тұз» ЖШС өкілдері де келді. Директор Денис Семеновтың айтуынша, бүгінде компания Екібастұздағы 880 миллион теңге көлеміндегі инвестиция тартылып, 69 жаңа жұмыс орыны ашылатын тұз өндіру жобасымен айналысуда. Алайда, кәсіпорын қажетті төрт жер телімін рәсімдей алмай отыр. Сол себепті, кәсіпкерлер дайын жобаны сараптамаға өткізе алмай жатыр.

Шағын және орта бизнесті алаңдатқан жер телімі жөніндегі мәселені жаңа веб-портал арқылы шешу ұсынылуда.

- «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында барлық жер телімдері көрсетілетін порталды ашумен жұмыс жасайтын боламыз, - деді облыс әкімінің орынбасары Жайық Шарабасов. – Аталмыш портал арқылы бизнесмендер жер телімінің бос немесе бос емес екендігін, ол жер арқылы коммуникация өткізілу мүмкіндігін және тағы басқа да ақпараттарды алатын болады. Яғни, жер телімдерін беру қызметін цифрлық жүйеге ауыстыруға тырысамыз.

Кездесу соңында Болат Бақауов облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдеріне бизнесмендерден келген өтініштер салынған папканы тапсырды. Сондай-ақ өңір басшысы әкімдерге жергілікті орында ШжОБ мәселелерін қарастыруды жүктеді.

Дулат Райымбек

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, ШжОБ, кәсіпкерлер, бизнес, экономика