Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Браконьер» жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу нәтижесінде табиғатты қорғау заңнамасының 63 бұзушылығы анықталған.

- Заңсыз аң аулау мен аң аулау ережелерін бұзудың 38 фактісі анықталды, - деді баспасөз қызметінде. – Балық аулау ережелерін бұзудың - 18 фактісі, алып жүру ережесін бұзудың 6 фактісі, аңшылық қаруды тасымалдаудың 6 фактісі тіркелді. 68 тәртіп бұзушы мен 7 көлік құралы ұсталды. Полиция қызметкерлері 167 килограмм балық, 150 метр желі, қайық, пышақ және тағы басқалары алынды.

Сонымен қатар, Екібастұз полицейлері прокуратура өкілдерімен бірлесе отырып, «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Павлодар-Екібастұз автожолы ауданында Екібастұз қаласынан 10 шақырым жерде кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз қазып алып жүрген жол жұмыстарымен айналысатын ЖШС-нің қызметкерлерін анықтады.

- Айып автотұрағына ілеспе құжаттарынсыз қытайда шығарылған қиыршық тас түріндегі жүктері бар 6 автокөлік қойылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 334-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деді департаментте.

pavlodarnews.kz

Тэги: