Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қамзин, 76 тұрғын үйіндегі өрт туралы ақпарат оператор пультіне 02:23-те келген.

- Тоғыз қабатты үйдің бесінші қабатындағы төрт бөлмелі пәтерде электр сымдарының қысқа тұйықталуы орын алып, салдарынан жалын пайда болды. Өрт ауданы төрт шаршы метрді құрады. Оқиға орнына жеке құрамның 23 адамы, алты бірлік техника мен Апат медицинасы орталығының қызметі жұмылдырылды.

Өрт 02:45-те оқшауланып, 02:57-де жойылды. Күйік шалған 81 жастағы зейнеткер қалалық ауруханаға жеткізілді.

- Медбикелер 2-3 дәрежесіндегі термикалық күйікті тіркеді, қол-аяқ, арқа, кеуде тұсының алдынғы жақ терісі мен бас терісінің 50 пайызы зақымданған, сондай-ақ жану өнімдерімен тыныс жолдарының улануы анықталды. Науқастың жағдайы орташа, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

pavlodarnews.kz

Тэги: