Бұл туралы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мәлім етті. 

- Зерттеу жұмыстарымен айналысатын оқушылардың белсенділігі жыл сайын артуда, - деді орталықта. – 2017-2018 оқу жылы конкурсқа 399 оқушы қатысса, биыл қатысушылар саны 420-ға дейін өсті. Байқау қорытындысы бойынша 196 жобаның авторы (240 қатысушы) жеңімпаз бен жүлдегер атанды. Оның ішінде 1-орында – 16 жобаның авторы (22 қатысушы), 2-орында – 71 жобаның авторы (89 қатысушы), 3-орында – 109 жобаның авторы (129 қатысушы).

Алғыс хаттармен 5 ең жас зерттеуші - 1 сынып оқушылары ынталандырылды.

Жоғары қатысу рейтингін дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің, дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің, Павлодар қаласының №21, 25 орта мектептерінің оқушылары көрсетті.

Облыстық кезең жеңімпаздары республикалық конкурсқа жолдама алды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Зерде, білім