Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ЖКО шаһардағы Мәшһүр Жүсіп көшесінің бойында таңғы сағат 7:30-да орын алған.

- «Лада» жеңіл көлігінң жүргізушісі 41 жастағы әйел адамды қағып кеткен. Сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде, - деді департаментте.

Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, зардап шегушінің жабық бас сүйек-ми зақымы, желке тұсының қанды ісігі анықталған. Ол Екібастұз емханасының травматологиялық бөлімшесіне жеткізілген.

pavlodarnews.kz

Тэги: Екібастұз, ЖКО, қоғам