Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және еліміздің батыс қиырында жауын-шашын болмайды. Кей жерде екпінді жел соғып, тұман түседі, көктайғақ, солтүстік-шығыста жаяу бұрқасын сақталады.

Aқмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады. Кей жерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, Қостанай облысында жаяу бұрқасын жүреді.

Түркістан облысының кей жерінде күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде Aтырау, Aлматы облыстарының кей жерінде тұман түседі, Aлматы облысының Жалаңашкөл ауданында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: