Бұл туралы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мәлім етті.

- «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың республикалық зияткерлік байқауына еліміздің әр өңірінен 90 оқушы қатысты, - деді орталықта. – Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде – Қазақстан тарихы бойынша тест тапсырды. Екінші кезеңде – 4 номинация: «Менің кішкентай Отанымның тарихы» – елді мекеннің тарихын презентация немесе бейнефильм форматында ашу, «Кішкентай Отанымның символы» – кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болатын жануар, өсімдік, адам, құбылыс және тағы басқалар туралы презентация немесе бейнефильм форматында баяндау, «Менің кішкентай Отанымның болашағы» – нысан макетімен презентация түрінде таныстыру, «Менің туған өлкем» – өз елді мекені туралы эссе жазу бойынша сынға түсті.

Павлодар облысынан байқауға облыстық кезеңінің жеңімпаздары – Павлодар қалалық №25 мектебінің оқушысы Гүлдана Социалова, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының оқушысы Сәния Сансызбай, дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы Алия Рашитова, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының оқушысы Диана Алишева қатысты.

Байқау қорытындысында дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының оқушысы Диана Алишева 1-орынға ие болды.

Ал, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының оқушысы Сәния Сансызбай «Дарын» РҒПО-ның грамотасымен марапатталды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, білім