Құрылғыларды табыс ету рәсімі Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында өтті. «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымы төрағасының орынбасары Нұржан Аманжолов «ПМХЗ» бас директоры атынан датчиктерді Қызыл Ай қоғамының Павлодар филиалына табыс етті. Партия мүшесі Нұржан Аманжолов аталған акция көптеген тұрғындарды улы газбен уланудан қорғау мен өрт санын азайтуды көздейтінін атап өтті.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, акция «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы мен «Асыл жүрек» жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

- Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар қызметкерлері осы құралдар орнатылатын отбасылардың тізімін нақтылауда, - делінеді хабарламада. – Өткен жылы жалғызбасты зейнеткерлер мен көпбалалы отбасылар үйлерінде улы газ сигнализаторлардың он данасы тегін ортатылды. Акцияға «BESTSHOP» ЖК қолдау білдірді.

Фото: облыстық ТЖД

pavlodarnews.kz

Тэги: Қайырымдылық, ПМХЗ, төтенше жағдайлар департаменті, улы газ