Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен аппараттық жиында Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қуат Белгібаев мәлім етті.

- Облыстық бюджеттің кірісі өткен жылғымен салыстырғанда 209 миллион теңгеге өскен, - деді Қуат Белгібаев. – Шағын және орта бизнестен 471 миллион теңге кіріс түскен болса, әлеуметтік салық бойынша бюджетке 826,3 миллион теңге түсті. Заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлердің иелігіне салық бойынша 97,8 миллион теңге кірген. Ал, жер салығы бойынша кіріс 226,2 миллион теңгені құрады. Сондай-ақ қоршаған ортаға шығарылған қоқыстар мен қалдықтар бойынша бірқатар шаралар атқарылып, 38,7 миллион теңге эмиссия төленді.

Қуат Белгібаевтің айтуынша, 2018 жылдың қазан айындағы көлік салығы бойынша жеке тұлғалардың қарызы 1 млрд 157 млн теңгеге жеткен. Мамыр айынан бері салық органдарының атқарған жұмыстарының нәтижесінде 442,3 млн теңге берешек төленген.

Жиын барысында облыс әкімі Болат Бақауов жауапты органдарға жыл соңына дейін мемлекеттік кірістерді жоспардағыдай орындауды тапсырды.

- Аталған бағыттағы жұмыстары тиянақты атқаруымыз керек, - деді облыс әкімі. – Салық бойынша көзден таса қалып жатқандар бар. Шет елдерден келетін жұмыс күші ескерусіз жүр. Таксистердің жұмысы тасада қалуда. Қалалардағы пәтерлерді жалға беру бизнесіне бақылау аз. Сондықтан жыл соңында жоспарды орындауымыз қажет.

Оразбек Саяхат
Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, бюджет