Бұл туралы ҚазАқпарат Daily Mail-ға сілтеме жасап хабарлады.

«Алғаш рет бір секундта 200 миллион әрекет атқара алатын ең ірі суперкомпьютер іске қосылды. Мамандардың айтуынша, машина адам миының қызметіне ұқсас жұмыс істейді және осы аптада компьютердің бір миллионыншы процессорлы ядросы орнатылды. Spiking Neural Network Architecture (SpiNNaker) деп аталатын компьютерді Манчестер университетінің мамандары он жыл бойы құрастырды. Ал компьютердің концепциясын жасауға жиырма жыл уақыт кеткен», - делінген мақалада.

Сонымен қатар суперкомпьютердің әр чипі жүз миллион бөлшектен тұрады.

Профессор Стив Фарбердің айтуынша, SpiNNaker жұмысы қарапайым компьютерге қарағанда адам миына көбірек ұқсайды. Сонымен қатар бұл компьютер нейробиологтарға адам миының қалай жұмыс істейтінін дәлірек түсінуге мүмкіндік беретін болады. Сондай-ақ аталмыш техника жүретін, қозғалатын және сөйлейтін мобильді роботтар құрастыруға арналған нейронды жүйе жасауға көмектеспек.

pavlodarnews.kz

Тэги: