Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен аппараттық жиында өңірлік индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұрболат Сейітмағамбетов мәлім етті.

- Жекешелік инвестиция - 194,4 миллиард теңге, оның ішінде сыртқы инвестиция - 62,4 миллиард теңгені құрады, - деді Нұрболат Сейітмағамбетов. – Қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға инвестицияның негізгі үлесі өңдеуші өнеркәсіпке тиесілі - 70,7 миллиард теңге. Электрмен жабдықтау, газ, бу және ауа баптау - 52,1 миллиард теңге, тау-кен және карьерді қазу – 33,4 миллиард теңге, көлік және қоймалау – 53 миллиард теңге инвестиция алып келді.

Өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына инвестициялар көрсеткіші деңгейінде Павлодар облысы республика бойынша 17-нің ішінен 3 орында тұр - 70,7 млрд теңге.

Нұрболат Сейітмағамбетовтің айтуынша, биыл 10 айда 3 жоба енгізіліп, инвестиция сомасы 11,6 млрд теңгені құрап, 78 жұмыс орыны ашылған. Жылдың соңына дейін тағы 5 жобаны енгізу жоспарланып отыр. Инвестиция - 57,5 млрд теңгені құрап, 1286 жұмыс орыны ашылмақ.

Инвестиция «Проммашкомплект» ЖШС-нің теміржол мақсатындағы доңғалақтар өндіретін кешені (54,1 млрд. теңге), Ақсу ферроқорытпа зауытында №6 цехты реновациялау (64,0 млрд.теңге), «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ-да № 5 энергия блокты жаңарту (55,2 млрд.теңге) сияқты ірі жобалармен қамтамасыз етіледі.

- Облыста ивестициялық климат жағымды, - деді Нұрболат Сейітмағамбетов. – барлық деңгейлерде инвесторларға қажетті қолдау көрсетіледі. Проблемалық мәселелер уақытында шешіледі. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде, егер жыл басында 6 кәсіпорын, соның ішінде Картаның 3 жобасы тоқтап тұрған болса, бүгінде барлығы жұмыс істеп тұр.

Оразбек Саяхат
Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: