Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыздығы сақталады, жауын-шашын жауады, тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз болмайды. Кей жерде екпінді жел соғып, тұман, көктайғақ, солтүстікте жаяу бұрқасын сақталады.

Aқмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Aқмола облысының кей жерінде жаяу бұрқасын болады.

Aлматы, Түркістан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде Алматы облысының кей жерінде тұман түседі.

Қарағанды, Павлодар облыстарында тұман, көктайғақ болады, күндіз Қарағанды облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, күндіз Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: