Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Заң жобасында 11 заңнамалық актіге, оның ішінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізу көзделген.

Заң жобасы мынадай негізгі бағыттарды қамтиды: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін және медициналық сақтандыру пакетін енгізу; медициналық ұйымдарда корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру; денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын енгізу; қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін жетілдіру; медициналық білім беру және ғылым жүйесін жетілдіру, медицина кадрларын даярлау сапасын арттыру.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың сөзіне қарағанда, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) мен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) жаңа моделі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықты денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту жөніндегі ұстанымдарына сәйкес келеді. Мәселен, ТМККК аясында медициналық көмек барлық азаматтарға, оралмандарға, ҚР-да тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі.

МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек ТМККК-дан тыс медициналық қызметтерді қамтитын болады. Бұл халықтың МӘМС жүйесіне қатысуын айтарлықтай ынталандыратын болады.

pavlodarnews.kz

Тэги: