Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

"Баренц теңізі аудандарында қалыптасқан суық атмосфералық фронттармен Қазақстанға арктикалық ауа массалары түсе бастайды. Егер соңғы уақытта республикадағы ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болса, ал алдағы үш тәулікте ол төмендейді және әдеттегі нормадан 3-8 градус төмен болады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, күн салқындап қана қоймай, жауын-шашын, қар, тұман мен көктайғақ күтіледі. Ал солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қар жауып нағыз қысқы ауа райы, боран, күшті солтүстік-батыс желмен және түнгі температураның 10-15 градусқа дейін төмендеуі, кей жерлерде 20 градус аяз түседі.

pavlodarnews.kz

Тэги: