15-ші рет өткізіліп отырған форум туризмге арналған. Сондықтан диалог алаңдары мен отырыстарда Қазақстан мен Ресейдің туристік қабілетін және екі ел арасындағы турситер санын арттыру мәселесі талқылануда. Форумға Павлодар облысынан қатысушылардың айтуынша, олар алдағы екі-үш жыл ішінде өңірімізді Ресей Федерациясынан келетін қонақтар үшін жайлы етуді жоспарлауда.

- Бүгінде жыл сайын Павлодар облысына Ресейдің 10 мыңға жуық тұрғыны келеді, - деді өңірлік кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы Дастан Рыспеков. – Туристік инфрақұрылымды кеңейту мен дамыту үшін атқарылатын тұрақты жұмыстарды есепке ала отырып, біз ресейлік туристердің санын 20 мыңға жеткізуді мақсат тұтудамыз. Ол үшін Баянауыл ауданында Мырзашоқы тауындағы шаңғы базасының ашылуы мен Маралды тұзды көлінде демалыс орынының дамытылуы көмектеседі.

Ресейлік сарапшылардың мәлімдеуінше, олардың жерлестері демалу үшін қазақстандық сапаны жиі таңдайды.

- Татарстанға келетін қазақстандықтардың саны жылына 25 мыңға жуықтайды, - деді Татарстан Республикасы туризм бойынша мемлекеттік комитетінің төрағасы Сергей Иванов. – Қазақстанға келуші татарстандықтардың саны да сол шамада деген ойдамын. Біздің мақсат – өзара туристік сапарлардың санын арттыру. Татарстанда Алматы таулары, Шығыс Қазақстандағы Алакөл көлі, Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облысындағы тамаша жерлер туралы жақсы біледі. Павлодар облысына келетін болсақ, біз Баянауыл паркі, оның көлдері мен табиғаты жайлы жиі естиміз.

Петропавлдағы форум 9 қарашаға дейін жалғасады. Оған Қазақстан және Ресей басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин қатысады деп күтілуде.

Дулат Райымбек
Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, туризм