Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

Танымал спортшы Instagram-аккаунтында битбоксшы Жалғас Сүлейменовтің өнер көрсетуін видеоға түсіріп, жариялаған. Ал жарияланым геолакациясында Алматы қаласы тұр.

Футболшының аккаунтынан оның Медеу мұз айдынына барғанын білуге болады. Онда ол отқа жылынып, ақсерке балығын жеген. Таңертең спортшы қонақүй нөмірінің терезесінен тауға ашылатын көріністің суретін салған.

Медеу тау шаңғы кешенінің парақшасында да Луиш Фигу, УЕФА президенті Александр Чеферин және "Қайрат" ФК бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаевтың суреті пайда болды.

pavlodarnews.kz

Тэги: