Бұл туралы жұмыспен қамту орталығының жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің басшысы Бақытжан Болатханова хабарлады.

- Жұмыспен қамту орталығы нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы аясында жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру жөнінде ауқымды жұмыс атқаруда, - дейді Бақытжан Болатханова. – Аталған бағдарлама небары бір жыл ғана жұмыс істейді, қаржыландыруды қалалық және республикалық бюджеттен жұмыс берушінің жұмыскер жалақысына жұмсайтын қаражаттың бір бөлігін субсидиялау арқылы жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады. Өтемақы белгіленген жалақының 35% тең. Алайда ол ең төменгі жалақы деңгейінен аспауы керек.

Мамандығы бойынша заңгер Толқын Мұсабекова жұмыс іздеп жұмыспен қамту орталығына келді. Мұнда ол «Мейрамхана бизнесінің әкімгері» мамандығы бойынша білім алды.

- Оқытудан соң үш күннен кейін маған «Мегаинтеллект» білім беру орталығында жұмыс ұсынды. Онда әкімгер орны бос болған. Құжаттарымды әкеп, әңгімелесуден кейін жұмысқа алындым, - дейді Толқын Мұсабекова.

- Бұл бағдарлама туралы былтыр білдік, - дейді Павлодардағы білім беру орталығының директоры Марина Сандалова. – Бұл кәсіпкерлерге де, жұмыс іздеп келген азаматтарға да пайдалы. Біз жұмысымызды кеңейтіп отырамыз. Сол себепті жалақыны төлеуге ақша таба алмай қалады. Осы бағдарлама көмекке келді.

Айта кетер жайт, орталық биыл жоспарына сәйкес 370 адамды табыс көзімен қамтуды жоспарлаған еді. Бірақ орталықтағылар ол санды 373 адамды жеткізді.

Арслан Ғалымбек

Фото: қалалық әкімдік баспасөз қызметінен алынды

pavlodarnews.kz

Тэги: жұмыспен қамту орталығы, кәсіпкерлік, бос орындар