Бұл туралы Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мәлім етті.

- Басқармамыздың ұйымдастыруымен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен 27 қыркүйектегі Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысы хаттамасына сәйкес латын графикасына негізделген «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасын» қоғам арасында түсіндіру мақсатында 2018 жылғы 2-7 қараша күндері облысымыздың барлық қалалары мен аудандарында кездесулер өткізілді, - деді басқармада. – Кездесу барысында құрамы жоғары оқу орындарының филолог ғалымдары Бекен Сағындықұлы, Рысгүл Шақаман, Айман Зейнулина, Айтмұхамбет Тұрышев, Ғайша Иманбаева және білім беру, ішкі саясат басқармаларының өкілдерінен тұратын түсіндіру топтары латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуі, олардың өзін-өзі бағалауы, бейімделу қажеттілігі туралы ақпарат берді.

Шараға мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік мекемелердің және ұйымдар мен бюджеттік сала қызметкерлері, ұстаздар қауымы, тіл мамандары мен аудармашылар, мектептердегі жоғары сынып оқушылары және колледж студенттері қатысып, барлығы облыс бойынша 3000-ға жуық адам қамтылды.

Түсіндіру жұмыстарының қорытындысы ретінде, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің бастамасымен ағымдағы жылдың 14 қарашасында сағат 11:00-де республика бойынша бір уақытта Жалпыхалықтық диктант жазу жоспарланған. Шарада Павлодар облысы бойынша 80 мың адам қамтылатын болады.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, тіл, диктант, қоғам