Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, басым бөлігінде түнде жел 15-20 м/с, кей жерінде екпіні 23-28 м/с жетеді, күндіз кей жерінде 15-20 м/с болады.

Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түсіп, бұрқасын болады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Қостанай облысының кей жерінде көктайғақ болуы мүмкін.

Aқмола облысының кей жерінде көктайғақ, бұрқасын, жел кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күшейеді.

Aлматы облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түсуі мүмкін.

pavlodarnews.kz

Тэги: