Бұл туралы Жекпе-жек ұлттық спорт түрінен Павлодар облыстық федерациясының президенті Жарқынбек Амантай мәлім етті.

- «Абылай» клубының бес бірдей спортшысы Жекпе-жек ұлттық спорт түрінен Қазақстанның 2019 жылғы құрама командасы сапына қосылды, - деді Жарқынбек Амантай. – Атап айтсам, Көкежан Қабылда, Диас Омаров, Ринат Махмұтов, қыздар арасында биылғы ел чемпионы Сара Хамзина жəне ақсулық өрен Əділет Шаймерден сынды күрзі жұдырықтылар. Бұлардың әрқайсы биылғы өңірімізде өткен ел чемпионатында айрықша өнер көрсеткен үздік спортшылар. Бұл Жекпе-жектен облысымыздың бас жаттықтырушысы, «Абылай» спорт клубының жетекшісі Алтынбек Рысжановтың зор еңбегінің нәтижесі. Енді жауынгерлеріміз әлем және Азия чемпионаттарына ел құрамасының сапында дайындалып, бақ сынайтын болады.

Айта кетейік, ұлттық құрамаға енген спортшылар ел чемпионаттарының бірнеше мәрте жүлдегерлері және «Жекпе-жектен спорт шеберіне үміткерлер».

Еске салайық, биыл Павлодарда өткен жекпе-жек ұлттық спортынан Бегендік және Шегендік батырларды еске алуға арналған ҚР абсолюттік чемпионатында 61 келі салмақ дәрежесінде Көкежан Қабылда қола медальге қол жеткізсе, 65 келіде Ринат Махмұтов күміс медаль олжалады. Ал, қыздар арасында 67 келіде бақ сынаған Шара Хамзина чемпион атанған болатын.

Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Жекпе-жек, спорт