Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Топтық кезеңнің аяқталуына әлі екі тур бар, дегенмен кей командалар плей-оффқа шығу мәселесін шешіп үлгерді.

Өз топтарынан шығып үлгерген командалар мыналар: «Челси» (Англия), «Айнтрахт» (Германия), «Лацио» (Италия), «Байер» (Германия), «Цюрих» (Швейцария), «Арсенал» (Англия), «Динамо» (Хорватия).

Егер «Астана» плей-офф кезеңіне жолдама алса, осы командалардың бірімен күш сынасуы мүмкін. Елордалықтар орналасқан К тобындағы қазіргі кесте бойынша, «Динамо» (Украина) мен «Астана» (Қазақстан) - 8 ұпайдан, «Ренн» (Франция) - 3, «Яблонец» (Чехия) - 2 ұпай жинаған.

Еске сала кетейік, өткен маусымда «Астана» осы турнирдің плей-офф кезеңінде ойнаған. 1/16 финалда елордалық ұжым Португалияның «Спортинг» командасынан жалпы 4:6 (1:3 - өз алаңында, 3:3 - сырт алаңда) есебімен ұтылып қалған болатын.

pavlodarnews.kz

Тэги: