Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, биыл жол аппатынан 55 адам көз жұмып, 880 адам жарақат алған.

- Ең алдымен жол этикасын сақтауды үйрену қажет. Жылдамдық режимін сақтауды, қауіпсіздік белбеуін тағуды, баланы арнайы ұстайтын құрылғыға отырғызуды ұмытпаған жөн, - дейді полицейлер.

Полиция департаменті машинада жүргізушіден басқа Сізге өз өмірін толығымен сеніп тапсырған жақын туыстарыңыз және  достарыңыз болуы мүмкін екендігін ескертеді.

Елді мекендер мен соған жақын орналасқан жерлерде қозғалу кезінде барынша мұқият болуларыңыз қажет, өйткені сол жерлердің өту бөлігінде жаяу жүргіншілердің пайда болу ықтималдығы жоғары.

Жолаушылар сондай-ақ жолдан өткен кезде қырағы және мұқият болулары қажет. Жаяу жол бар болған жағдайда тек сонымен ғана жүру қажет.

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: