Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Головкин - Смит жекпе-жегі 2019 жылы "Ливерпуль" футбол клубы матчтарын өткізетін "Энфилд" стадионында болуы мүмкін.

"Хирн бүгін Леффлермен WBA және The Ring белбеуі үшін Смит - Головкин жекпе-жегін келесі жылы мамырда "Энфилд" стадионында өткізуді талқылады", - дейді Бенсон.

Қазан айының соңында Леффлер алғаш рет Головкин - Смит кездесуі туралы айтып, өзге британиялық Билли Джо Сондерспен (26-0, 12 КО) допингке байланысты белбеуінен айырылғандықтан онымен жекпе-жек өткізбейтінін нақтылап кеткен болатын.

pavlodarnews.kz

Тэги: