Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кеше кешкі сағат 18:45-те Ак. Шөкин көшесімен жүріп бара жатқан 25 жасар «Лада» жүргізушісі көшені реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолымен өтейін деген жаяу жүргіншіні басып кетті.

- ЖКО нәтижесінде 1964 жылы туған жаяу жүргінші зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Сараптама тағайындалып, тексеру жүргізілуде, - деп хабарлады полиция департаментінде.

Департамент баспасөз қызметінің мәліметтерінше, «Лада» жүргізушісі мас болмаған.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккен ер адам иық сүйегінің жабық сынығымен облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Кеше кешке жаяу жүргінші зардап шеккен тағы бір жол-көлік оқиғасы орын алды. Нәтижесінде 36 жасар ер адам жарақаттанды.

Дәрігерлер зардап шеккен адамның оң жақ сирақ-асық буынының жабық сынығы мен оң жақ тізе буынының жабық сынығы анықтады.

Полиция департаментінде аталған апаттарға кешегі жаңбырдан кейін пайда болған көктайғақ себеп болуы мүмкін екендігін айтады. Осы себепті, полицейлер павлодарлықтардан қысқы уақытта жол жүру кезінде қырағылық танытқанын өтінеді.

Айбек Жұматов

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: жол-көлік оқиғасы, полиция, жарақат, көктайғақ