«Павлодар өзен порты» АҚ бас инженері Алексей Гладков порт құм тасумен айналысатындықтан одан блок жасауды жөн санағандықтарын атап өтті.

- Өзімізде құм жеткілікті, - деді Алексей Гладков. – Өндіріс орынын ашуға көп шығын шықпайды. Біздегі дайын ғимаратты пайдаланамыз. Жабдықтарды дайындап қойдық. Келер жылы іске кірісеміз. Жабдықтарды сатып алуға 20 миллион теңге жұмсалды.

Алексей Гладковтың айтуынша, кәсіпорынның күшімен күніне 5 мың құмды блок өндіруге болады.

Сонымен қатар, бас инженер құмды сататындықтарын айтты.

- Құмды көбінесе жол құрлысымен айналысатындар алады, - деді Алексей Гладков. – Құрылыс жұмыстарына да пайдаланады. Оған қоса, дүкендерге қаппен сатамыз. Қазіргі уақытта дүкенде сатуда тұрған біздің құмды көрдім. Өткен жылдары Ресейге тасымалдағанбыз. Жалпы, қысқы уақытта портымызға құм жеткізумен шұғылданамыз. Бүгінде министрліктен құм тасып алу үшін қысқы уақытта өз аумағымызда кемелерімізді қозғалтуға рұқсат сұрап отырмыз. Негізінде - 10 градус суықтан асқанға дейін кемелерді қозғалтуға болады.

Оразбек Саяхат
Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, өзен порты, құмды блок