Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

«Рухани жаңғыру» бағдаралмасы аясында биылғы оқу жылынының екінші жартыжылдығынан бастап, алғаш рет 5 және 7 сыныптарға «Өлкетану» курсы енгізіледі. Оқулығы дайын. Жергілікті атқарушы органдар сатып алу жұмысын жүргізуде», - деді ол.

Сонымен қатар вице-министр биыл 1 және 11 сыныптарға арналған жаңа типтік оқу жоспары бекітілгенін айтты.

«Енді бір ғана типтік оқу жоспары болмайды. Бірнеше типтік оқу бағдарламасын дайындап бекітітік. Мектептер өздеріне жарамды бағдарлама бойынша жұмыс жасауына мүмкіндік бердік. Барлық мектептерде осы типтік оқу бағдарламасын арқылы академиялық дербес деп есептейміз», - деді Эльмира Суханбердиева.

Естеріңізде болса, вице-министр мұғалім мәртебесі туралы заңды дайындауға кірісіп кеткендіктерін айтқан болатын.Сонымен қатар, биылғы жылы қанша ұстаздың жалақысы көтерілгені туралы да айтқан еді. Ал елімізде қанша ұстаздың қанша пәнді ағылшын тілінде оқытып жүргенін де вице-министр тілге тиек еткен болатын. Сондай-ақ, вице-министр алдағы жылы 1-сыныптан бастап имформатика пәні оқытылатынын айтты.

pavlodarnews.kz

Тэги: