Бұл туралы «Павлодар өзен порты» АҚ бас инженері Алексей Гладков мәлім етті.

- Қытаймен жүк тасымалдау бойынша келісімшарт жүргізудеміз, - деді Алексей Гладков. – Әзірге кокс тасу жоспарлануда. Әрі қарай не таситынымызды көретін боламыз. Жүкті Қытай шекарасына жақын орналасқан Зайсан өзеніндегі Тұғыл ауылына дейін апарамыз. Келісім әлі де жүргізіліп жатқандықтан жүк көлемінің нақты саны шыққан жоқ. Алайда, ірі көлемде жүк тасымалданады деп күтілуде. Коксты мың тонналық баржамен тасымалдайтын боламыз.

Бас инженердің айтуынша, Қытай шекарасына дейінгі су жолы 1200 шақырымды құрайды. Әзірге, кері қайтарда павлодарлық кемемен тұз тасымалдау жоспарланған.

- Аталмыш арылықта жүк тасымалдау үшін жағдай жасалған. Рұқсат алдық. Біздің облысымызда судың тереңдігі аласа. Курчатовқа дейінгі бөлікте кеменің жүруіне қиын бөліктер бар. Ол жердегі жағдай Шүлбінің су жіберуіне байланысты. Су деңгейін ұстап тұру үшін минутына 1200 куб/метр су жіберілуі тиіс. Шүлбі, Өскемен, Бұқтырма су қоймаларымен келісіп қойдық. Қажет жағдайда қолдау білдіреді.

Оразбек Саяхат
Фото: http://rechport.kz/ және Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, өзен порты, жүк тасымалы