- Сумен қамту желісінің зақымдануы Қайырбаев пен Ак. Бектұров көшелерінің қиылысында орын алды, - дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Темір Қасқабаев. – Апат болған жерге «Горводоканал» ЖШС өкілдері келді. Зақымданған желі арқылы сумен қамту уақытша тоқтатылды.

Сусыз қалған бес әкімшілік ғимаратына қажетті су автокөліктермен жеткізілуде.

- Аққан судан көшеден өтіп, қалалық салық департаментіне кіре алмай жүрміз, - дейді Маржан Муханова. – Мына су түнде қатса, осы жерге конькимен келуге мәжбүр болатын шығармыз.

Арслан Ғалымбек

Фото: Роза Мұстафина және қалалық әкімдіктен алынды

pavlodarnews.kz

Тэги: су құбыры, апат, аяз, сумен қамту желілері