Бұл туралы «Ертіс» ФК баспасөз қызметі мәлім етті.

- Португалиялық ойынша павлодарлық команданың жейдесін алғашқы рет 2015 жылдың 20 маусымында, көкшетаулық «Оқжетпеске» қарсы матчта киіп шыққан еді, - деді баспасөз қызметінде. - Ал команда сапындағы бірінші голын сол жылы 10 шілде күні «Ақтөбеге» қарсы ойында соққан. Сол матчтағы жалғыз гол «Ертіске» жеңіс әкелді.

Карлос Фонсека «Ертіс» сапында 17 гол соғып, көптеген нәтижелі шабуылға себепкер болған.

- Фонсека көптеген ойындарда шешуші әрекеттер жасады. Әсіресе, өткен маусымда «Шахтерға» соғылған гол, әлі күнге дейін павлодарлық жанкүйерлердің көз алдында, - деді «Ертіс» ФК-да.

Айта кетейік, биылғы маусымның ортасында Карлос Фонсека «Ертіс» командасының капитаны атанды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, "Ертіс" ФК, спорт