Серік Елікбаевтың айтуынша, аталмыш туынды - Ертіс өңіріндегі тарихи тақырыпқа арналған романдардың бірі.

- Бұл қазақ батыры, қолбасшы Қанжығалы Бөгенбайдың өмірі мен ерлігіне арналған. Батырдың басқа кейіпкерден ерекшелігі сол, Бөгенбай батыр «ақ сүйектердің» өкілі емес, халықтан шыққан қарапайым азамат», - дейді роман авторы.

Профессор кітапты жазу барысында түрлі тарихи дереккөздерге жүгінген. Құнды деректер Санкт-Петербургтегі танымал кунсткамера, украиналық және қытайлық мұрағаттардан табылған.

Кітап 1000 данамен басылып шықты. Серік Елікбаев алдағы уақытта тағы үш роман жазып, қалың бұқара үшін басып шығармақ.

pavlodarnews.kz

Тэги: