Бұл туралы С.Торайғыров атындағы ПМУ баспасөз қызметі мәлім етті.

- Профессор ҚР Білім және ғылым министрлігінің шетелдік мамандарды оқытушылық қызметке тарту бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде шақырылған, - деді баспасөз қызметінде. – Барбара Марино бір айдың ішінде өнеркәсіптік, азаматтық және көліктік құрылыс кафедрасының студенттеріне «Жағалаудағы қорғау нысандары мен менеджмент» тақырыбында дәрістер оқиды.

Португалиялық профессордың айтуынша, әлемдегі жағалаулардың 70%-ы табиғи құбылыстардың әсерінен зардап шегуде.

- Қорғау нысандарының инженер-құрылысшысы толқынның биіктігін, желдің күшін, ағымдарды, жағадағы эррозия қарқынын, жағаның тереңдігі мен болашақ нысанның тереңдігі, сондай-ақ, құрылыс материалдарын (тас, бетон немесе кұм) ескеру керек. Ескеретін жайттар өте көп, - дейді Барбара Марино.

Шетелдік маман Ертіс өзенінің жағасындағы «Қаз қонақ» палеонтологиялық ескерткішін шаюдан қорғау мәселесіне қатысты пікірін де білдірді. Профессор жағаны бетонмен бекіту тиімді екенін айтады. Себебі, құмнан жасалған нысандар ағынға төтеп бере алмауы мүмкін.

pavlodarnews.kz

Тэги: