Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, «Подхоз – темір жол сапаржайы» бағытында жүретін № 1 автобус паркіне тиесілі жолаушылар автобусы «Клен бағбаншылығы» аялдамасының жанында жанған.

Өрт туралы хабарлама ведомствоға сағат 16.01-де түскен. Сағат 16.19-да толығымен сөндірілді.

- Артқы қозғалтқыш бөлігі электр сымдарының тұйықталуы салдарынан жанған, - дейді № 1 АП директоры Ернар Қоңырханов. – Оқиға полицияның солтүстік бөлігінде тіркелген. Аталмыш факті бойынша тексеріс жүргізілуде.

Автобустан 20 адам құтқарылған. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД-дан жеті адам мен екі техника жұмылдырылды. Тілсіз жау 40 шаршы метр аумақты шарпыған.

Фото: instagram/tipavlo

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, оқиға