Тек батыста және солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Кей жерлерде тұман, екпінді жел күшейеді, солтүстікте жолдарда көктайғақ күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді. Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлеінде тұман болып, Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с соғады. Маңғыстау, түнде Атырау, Ақмола, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында жолдарында көктайғақ күтілуде.

pavlodarnews.kz

Тэги: