Бұл туралы облыстық тілдерді дамыту басқармасы мәлім етті.

Шара өңіріміздің қалалары мен аудандарында, сондай-ақ ПМУ, ПМПУ, ИнЕУ сияқты жоғары оқу орындарында, С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада, «Қоғамдық келісім» мекемесінде және жастар бастамаларын дамыту орталығында өтеді.

Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрі Б.Ә. Сағынтаевтың төрағалығымен 2018 жылғы 27 қыркүйекте өткен Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес ағымдағы жылғы 14 қараша күні сағат 11.00-де барлық өңірде бір мезетте Жалпыхалықтық диктант жазу ұйымдастырылады.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, латын графикасы