Бұл туралы ҚазАқпарат  хабарлайды.

«Қазақстанда соңғы айларда жаңа автокөліктер белсенді түрде сатылып жатыр. Елдегі диллерлер қазан айында 5464 жеңіл автокөлік пен жеңіл коммерциялық техника, сонымен бірге 350 жүк көлігі мен автобус сатқан. 2018 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша нарық жаңа сатылған 49 514 автокөлікпен толықты (өткен жылдың қаңтар-қазан айында 39 141 автокөлік сатылған, яғни биылғы көрсеткіш 27 пайызға жоғары)», - деп хабарлайды қауымдастықтың баспасөз қызметінен.

Еліміздегі ең көп сатылатын жеңіл автокөліктердің маркасы бойынша көшті Lada (1 151, қыркүйекке қарағанда 13,3 пайызға аз) бастап тұр. Екінші орында сатылған 1040 көлігімен Toyota тұрақтаған. Дегенмен, жапон маркасы бойынша жыл басынан бері 10 209 автокөлік (+33,7%) сатылған. Көшбасшы маркаларға қостанайлық Hyundai жақындап, қазан айында сатылған 900 көлігімен үштікті түйіндейді. Сонымен қатар, төртінші орынға Kia (435), бесінші орынға Nissan (272), алтыншы орынға Ravon (қазан айында бұл маркада көлік сатылмаса да, жыл басынан бері 1727 көлік саудаланған) тұрақтаған. 283 көлігі сатылып кеткен Renault жетінші орыннан көрінсе, үздік ондықта - Volkswagen (175; -32,7%), Lexus (167; -6,7%) және JAC.

pavlodarnews.kz

Тэги: