Виктор Поликарпов - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген суретшісі, республикалық Павел Васильев атындағы сыйлықтың лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Павлодар облысы алдындағы еңбегі үшін» медалінің иегері.

Суретші 1938 жылы 15 қарашада Павлодарда дүниеге келді. П.И.Чайковский атындағы музыкалық училищесінде білім алып, кейіннен 1971 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін тәмамдады.

Сызбашы. 1990 жылдан бастап ҚР Суретшілер одағының мүшесі. Ежелгі Отырар қаласының орнында Қазақстан Ғылым Академиясының археологиялық экспедицияларының қазба жұмыстарына суретші ретінде қатысты (1970-1971). КСРО Суретшілер одағының бастамасымен ашылған Орталық оқу-тәжірибиелік көркемсурет жобалау студиясының (Сенеж) мүшесі (1975-1980). Монументальды өнер саласындағы көп жылдар бойы еңбек етсе де, суретшінің негізгі шығармашылық бағыты – станокты сызба.

1970-90 жылдар аралығында Виктор Поликарпов көркем жобалаумен айналысады. Сәндік-қолданбалы өнер саласында шығармашық етіп, ағашқа өрнек, макраме, жапсырма жасаумен шұғылданды. 1986 жылдан бастап Виктор Поликарпов өнерінде елеулі орын алатын «Павел Васильев поэзиясына» атты үлкен станокты сызба топтамасын жарыққа шығарды. Туған елдің тарихы, көшпенді қазақ елінің дәстүрі мен әдет-ғұрпын сипаттайтын туындыларды жасады. Суретші үшін Павел Васильев поэзиясы - сарқылмас қуаныштың мол қазынасы.

Сызба және сәндік-қолданбалы өнерімен айналысады. Ағашқа өрнек салу, макраме, бедер салумен шұғылданады. Көп жылдар бойы қоғамдық ғимараттардың өңдеу жұмыстарымен айналысып, монументалды жұмыстарды жасап шығарды. Жұмыстардың көбісі бүгінгі күнге дейін қала ғимараттарында сақталып қалған.

Экспозицияға автордың 100-ге жуық сызба және кескіндеме туындысы ұсынылады.

Көрмені қала тұрғындары мен қонақтары 19 желтоқсанға дейін тамашалай алады.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, сурет көрмесі