- Оқу жылының қысқы кезеңінде білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сабақты тоқтатудың параметрлері бекітілген, - дейді білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Людмила Казанцева. - 1-4 сыныптарда желдің жылдамдығы секундына 20 метр болғанда, 1-11 сыныптарда секундына 25 метрге жеткенде сабақтар тоқтатылады. Сондай-ақ, сағат таңғы 6.20-да қалалық білім беру бөлімінің сайтында ақпарат орналастырылады және Instagram, Telegram әлеуметтік желілері арқылы хабар таратылады.

 Өңірлік білім беру басқармасының мәліметіне сүйенсек, қолайсыз метеорологиялық жағдай орын алғанда теледидарда жүгіртпе жол, әкімдіктер мен білім беру басқармасының сайттарында ақпарат орналастырылады. 

Облыстық ТЖД бірыңғай кезекшілік бөліміне  112 нөміріне бірінші ауысым үшін сағат 6.45-ке дейін, екінші ауысым үшін сағат 11.15-ке дейін ақпарат жіберіледі.

 

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім