Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік-шығыс бөлігінің кей жерлерінде аздаған қар жауып, қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кей жерлерде тұман, оңтүстік және шығыс бөлігінде екпінді жел мен жаяу бұрқасын күтіледі. Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, күндіз Қызылорда және Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында - кей жерлерде тұман күтіледі. Павлодар, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында - кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: