Еске сала кетейік, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің тізіміне 19 тауардың түрі кіреді.

- Өткен жылғы көрсеткіштермен салыстыратын болсақ, аймақта орташа есеппен алғанда қарақұмық, картоп, пияз бен сәбізге баға 26,6 пайызға төмендегені байқалады, - дейді кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының бас маманы Бекболат Бейсембаев. – Бүгінгі таңда барлық өңірлерде бағалар сараптамасы қырыққабатқа шекті деңгейі артқанын көрсетуде. Келісі 60 теңге тұрады. Бірақ келесі аптада қырыққабаттың бағасы төмендейді деп күтілуде. Азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін біздің жұмыс тобымыз сауда нүктелеріне шығып, күнделікті мониторинг жасайды.

Айта кетерлігі, Павлодар облысында әлеуметтік дүкендер жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, облыс орталығында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Ол жерде тауарөндірушілер төмен бағамен өз өнімдерін ұсынады. Мысалы, күріштің келісі – 170 теңгеден, қант келісі – 220 теңге және сиыр етінің келісі – 1300 теңгеден.

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, экономика, баға