-  Біз бұл істі басқаларға да үлгі болу үшін жасап отырмыз. Бізден көріп басқа адамдар да оларға жанашырлық танытса екен.  Олар қазір қиын жағдайда жүргенімен ертең не боларын бір Алла біледі. Мұндай адамдар қазір үй-күйсіз, панасыз, көше кезбесі болып жүргенімен бәрібір біздің қоғамның мүшесі  әрі қияметте Алла Тағаланың алдында бір дәрежеде тұрып есеп беретінімізді ұмытпауымыз керек, - дейді мешіт ұстазы Дәулет Рүстемов.

 Айта кетерлігі, алдағы уақытта тағы да осындай шара ұйымдастыру жоспарланып отыр.   Жанашыр азаматтар  панасыздарға  ыстық шай мен ыстық тамақ, жылы киімдер  беруді қолға алуда.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, қайырымдылық