Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасына 523,7 мың адам қатысқан. Оның ішінде 229,6 мың адам - жұмыссыздар, 93,0 мың адам - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, ал қалғандары жұмыс күші құрамына кірмейтіндер (ТжКБ-да оқып жатқандар). Есепті күнге 411 мың адам жұмысқа орналасты. Олардың ішінде 293,5 мың адам немесе 71 %-ы тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа тұрған.

Бағдаралам үш бағыт бойынша жүзеге асады: Техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету, жаппай кәсіпкерлікті дамыту және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

pavlodarnews.kz

Тэги: