Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Қала басшысы жаңадан тағайындалған бөлім басшысының алдына бірқатар міндеттер қойды, - деді баспасөз қызметінде. – Алдымен Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру, салалық бағдарламалар және цифрландыруды дамыту жұмыстарын күшейту, сондай-ақ қаланың білім беру жүйесіне жеке инвестицияларды тарту міндеттері жүктелді.

Самал Айтқазина Павлодар қаласының тумасы. 1977 жылы туған. 2000 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдады. Экономикалық ғылымдар магистрі дәрежесі бар.

Меритократия қағидатына сәйкес, Павлодар облысының білім беру жүйесіндегі еңбек жолында мұғалімнен бастап мектеп директорына дейінгі қызметтерді атқарды.

Еңбек жолын 1995 жылы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып бастады. Павлодар қаласының №37 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі және Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып еңбек етті.

2011 жылдан бастап осы уақытқа дейін қалалық № 25 орта мектебінің және дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің директоры болып жұмыс істеді.

Еске салайық, ведомстваның бұрынғы басшысы Гүлжан Қадырбаева Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған болатын.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, жаңа басшы, білім, блім беру бөлімі