Бұл туралы ҚазАқпарат аталмыш қаржы құрылымының facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«25 жылда теңге ғана емес, еліміздің бүкіл қаржы жүйесі де бірнеше даму сатысынан өтті. Елдің қаржы нарығы барынша айқын болды, жаңа технологиялық және цифрлық шешімдер кеңінен енгізілуде, жаңа бағдарлар мен мақсаттар алға қойылуда, олардың көмегімен Қазақстанның қаржы жүйесі әрі қарай табысты дамуын жалғастырады»,-делінген хабарламада.

«Теңге: 25 жыл бірге» атты деректі фильмнің премьерасын 2018 жылғы 15 қарашада «Хабар» телеарнасында мемлекеттік тілде 17:30-да, орыс тілінде 15:00-де, сондай-ақ «KazakhTV» телеарнасында орыс тілінде 21:20-да көруге болады.

pavlodarnews.kz

Тэги: