Кей жерлерде тұман, екпінді жел мен жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, түнде Түркістан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Жамбыл және Түркістан облыстарының жекелеген аумақтарында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген аумақтарында жаяу бұрқасын болады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейетіні күтілуде.

pavlodarnews.kz

Тэги: