Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Тілсіз жаудың орын алғаны туралы хабарлама сағат 22.45-те түсіп, 23.34-те толығымен сөндірілді. Еденнің бес шаршы метр аумағы жанған. Зардап шеккендер жоқ, - дейді департаментте.

Оқиға орнында газ-түтіннен қорғау қызметінен бір бөлім мен жеке құрамнан 17 адам жұмыс істеп, 50 литрлік газ балонын сыртқа алып шықты. Сондай-ақ, бір техника жұмылдырылды.

Өрттің шығуына пешті қолдану барысында ережелерді дұрыс сақтамау себеп болған.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, оқиға